ЖЭО-ның жартысынан көбіне қауіп төніп тұр - Тоқаев

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жылу электр орталықтарының жартысынан астамына қауіп төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жылу электр орталықтарының жартысынан астамына қауіп төніп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы коммуналдық шаруашылықты одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты түбегейлі қайта құру қажет екенін ескертті.

"Қазақстандағы ЖЭО-ның жартысынан астамына қауіп төніп тұр, кейбір қалаларда тозу деңгейі 80 пайыздан асады. Ал орталықтандырылған жылумен қамтылған 80 қалада бұл көрсеткіш 75-тен 92 пайызға дейін жетті. Коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мақсатында жаңа тарифтік саясатқа көшуді қамтамасыз етуді тапсырдым", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда Үкіметке жылдар бойы жиналған мәселелерді шешуге тура келеді.

Мемлекет басшысы өткен жылы тек "Самұрық-Қазына" қоры есебінен бағалар мен тарифтерді кросс-субсидиялау 1 триллион теңгеден асқанын атап өтті.

"Бұл нарықтық экономика қағидаттарының айқын бұрмалануы. Бұл ретте бағалар мен тарифтерді тоғыспалы субсидиялауға көшу бірқалыпты жүзеге асырылуы керек. Ең алдымен табыс деңгейін ескеру қажет", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная