“Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда” күріш көрме-жәрмеңкесі басталды

“Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда” күріш көрме-жәрмеңкесі басталды

Бүгін Қызылордаға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация мүшелері ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысып, «Жері күрішті, елі ырысты Қызылорда» атты 2 күндік күріш көрме-жәрмеңкесіне қатыспақ.

Реклама
Реклама

Алдымен Үкімет басшысының орынбасары Сырдария ауданындағы «Мағжан и К» ЖШС күріш ақтау және тұз өндіру зауыттарының жұмысымен танысты. Заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған және бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылатын кәсіпорын азық-түлік тауарларының бірқатар түрін шығаруда.

Әрі қарай Серік Жұманғарин «Абай-Даулет» ЖШС күріш зауытын және күріш сататын арнайы дүкенін аралады. «Жан Арай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің қуаттылығы 4000 тонна қойма құрылысымен танысты.

Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары күріш көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Көрме-жәрмеңкені республика көлемінде күріш бағасын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Сауда және интеграция министрлігі бірлесіп ұйымдастырған. Оған барлық облыс әкімдерінің салалық орынбасарлары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация төрағалары және ел өңірлерінен 120-дан астам кәсіпкер қатысуда.

Көрмеден кейін Серік Жұманғарин мәжіліске қатысып, Қызылорда облысының бизнес-қауымдастығы өкілдерімен кездеседі.

Ертең Үкімет делегациясы Сыр өңірінің су шаруашылығы нысандарына барып, «Абзал және К» ТС күріш алқабын аралайды. Сондай-ақ Н.Ілиясов ауылының абаттандыру жұмыстарымен, әлеуметтік нысандарымен танысады деп жоспарлануда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал Қызылорда облысының әкімдігімен ұсынылған
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама