ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2024 | 09:31
Жер сілкінісі. Алматылықтар өткен түнді қалай өткізді?
23 қаңтарға қараған түні алматылықтар жер сілкінісін сезді. Адамдар үйін тастап кетуге асықты. Кейбіреулер жалаңаяқ және сырт киімсіз жүріп шыққан. Қаладан шығатын жолдарда көлік кептелісі, жанармай құю бекеттерінде кезек пайда болды. Тағы жер асты дүмпулері болады деп қорыққан тұрғындар қаладан кетуге асықты. Қаңтардағы мазасыз түн туралы - Tengrinews.kz репортажында.

Алматы тұрғындары алғашқы дүмпулерді түн ортасы шамасында сезді. Алматылықтардың смартфондарындағы хабарландыру қызметі жер сілкінісінің шамамен магнитудасы 6,2 болғанын хабарлады.
Адамдар асығыс далаға шықты. Кейбіреулер тек сырт киім киіп үлгерген.
Сырт киімсіз қашуға мәжбүр болғандар да бар.
Пәтерден чемодандарын алып шыққандар да болды. Полицейлер алматылықтарды үйлерінен шығарда есікті құлыптап кетуге шақырды.
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 00:09-да жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырымда – Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1. Магнитудасы MPV – 6,7. Тереңдігі – 65 шақырым.
Сезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы – 5 балл, Шымкент – 2 балл", - делінген хабарламада.
Көшелерде көлік кептелісі, жанармай құю бекеттерінде кезек пайда болды.
Алматыда мына телефондар бойынша сенім телефоны жұмыс істейді:
8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84.
Көпқабатты үйлердің тұрғындары пәтерге кіруге қорықты. Адамдар жеке үйлерде тұратын туыстарына немесе достарына баруға тырысты.
Қазіргі уақытта алматылықтар үш рет жер асты дүмпуі толқынын сезген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также