31 қаңтар 2024 | 14:46

Жер сілкінісі алматылықтардың Астанаға көшуіне түрткі болды ма?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен жер сілкінісінен кейін Астанаға көшкен алматылықтар легі байқала ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен жер сілкінісінен кейін Астанаға көшкен алматылықтар легі байқала ма деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің білуімше, алматылықтар өз қаласын жақсы көреді. Иә, оларға, бәлкім, елордаға көшу қызық шығар. Жаппай кетуі екіталай", - деді Сәденов журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, журналистер жер сілкінісі туралы хабарланбағандықтан алматылықтардан арыз-шағымдар болған-болмағанын сұрады.

"Ақпарат алмау бойынша - мұндай шағымдар болған жоқ. Мұндай, айталық, мүдделер болған жағдайда полицияның өз міндеті бар - аймақтарды қоршауға алу, қоғамдық тәртіпті күзету және сақтау. Бізге мұндай мәлімдемелер түскен жоқ", - деді Сәденов.

Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Алматыдағы жер сілкінісінің күші 5 балл болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная