ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2023 | 13:39
Жер сілкінісі қаупі 20 наурызға дейін сақталады - Жетісу облысы ТЖД
Болжам бойынша, 20 наурызға дейін Жетісу облысы мен Алматы облысында жер сілкінісі қаупі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Болжам бойынша, 20 наурызға дейін Жетісу облысы мен Алматы облысында жер сілкінісі қаупі сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакцияға облыстың барлық аудан, қала әкімдеріне жолданған Жетісу облысы ТЖД хаты түсті. Құжатта Кербұлақ, Жамбыл аудандарында, Қапшағай су қоймасы маңында 3-4 балдық жер сілкінісі сезілуі мүмкін екені айтылған.
Сейсмология институтының болжамдық комиссиясының мәліметі бойынша, сейсмикалық параметрлерді, гидрогеологиялық және гидрогеохимиялық мәліметтерді біріктіруде ауытқулар пайда болғаны байқалған.
Ретроспектив талдау қысқа мерзімді сейсмикалық жағдайдың дамуын көрсетеді, бұл жер сілкінісінің ықтимал дайындығын көрсетеді (энергетикалық класс - 11, сезілу мүмкіндігі - 3-4 балл). Жер сілкінісі қаупі 2023 жылдың 20 наурызына дейін сақталады", - делінген Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Игорь Жуковтың қолы қойылған құжатта.
Жер сілкінісінің болуы мүмкін жерлер Жетісу облысының Кербұлақ ауданындағы солтүстік-батыс Қалқан станциялары, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қастек Түрген желісінде және Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы аймағында болуы мүмкін.
"Бұл жер сілкінісін Жетісу өңірінің тұрғындары сезуі мүмкін. Осыған байланысты Жетісу облысының аумағында азаматтық қорғаудың аумақтық мемлекеттік жүйесінің жоғары дабыл режимін енгізу және іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету талап етіледі.
Жергілікті атқарушы органдар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің салалық ішкі жүйелерінің өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дайындығын қамтамасыз етуі тиіс", - делінген хатта.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл құжатты мемлекеттік органдарға шынымен де, жібергенін растады. Бұл Сейсмология институтынан жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжамдарды алған кезде жүзеге асырылатын стандартты процедура екені атап өтілді. Ведомствода табиғи апаттың салдарын болдырмау немесе барынша азайту үшін барлық мемлекеттік орган жоғары дайындықта болуы керек екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также