ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қаңтар 2024 | 16:32
Жер сілкінісі кезінде Алматы облысындағы мектептер мен ауруханаларда жарықтар пайда болған
Жер сілкінісі кезінде Алматы облысындағы 44 ғимаратта жарықтар пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жер сілкінісі кезінде Алматы облысындағы 44 ғимаратта жарықтар пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жер сілкінісі нәтижесінде жарықтар алған Алматы облысының аумағындағы объектілерді комиссиялық аралау жүргізілген.
24 қаңтарда Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қосымша көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 44 объектіде жарықтар табылды, атап айтқанда:
- Ұйғыр ауданы бойынша - 11 нысан (Денсаулық сақтау объектісі - 1, білім беру объектілері - 8, әлеуметтік нысандар - 2);
- Еңбекшіқазақ ауданы бойынша - 14 нысан (білім беру объектілері - 7, Денсаулық сақтау объектілері - 1, әлеуметтік нысандар - 6);
- Талғар ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру объектілері - 3);
- Кеген ауданы бойынша - 4 нысан (Денсаулық сақтау объектісі - 4);
- Жамбыл ауданы бойынша - 2 нысан (білім беру объектілері - 2);
- Райымбек ауданы бойынша - 3 нысан (білім беру объектілері - 2, әлеуметтік нысандар - 1);
- Іле ауданы бойынша - 3 нысан (Денсаулық сақтау объектілері - 3);
- Қарасай ауданы бойынша - 4 нысан (білім беру объектілері - 4).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также