ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2020 | 13:34
"Жерді алдың ба, оны игеру керек". Тоқаев мораторий аяқталатынын еске салды
Мемлекет басшысы игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, тәркілеу үшін ғарыштан мониторинг жасауды заңдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, тәркілеу үшін ғарыштан мониторинг жасауды заңдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек", - деп келтірген Ақорда баспасөз қызметі Тоқаевтың Үкімет отырысында айтқан сөзін.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.
"2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз", - деді Президент.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также