Жетонсыз және қолма-қол ақшасыз : Астана LRT-да жолақысын қалай төлеуге болады?

Жетонсыз және қолма-қол ақшасыз : Астана LRT-да жолақысын қалай төлеуге болады? Фото: Надежда Лыкова/ Tengrinews.kz

City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана LRT жолаушылары жолақысын қалай төлей алатынын айтты. Автобустардағыдай мұнда да түрлі тәсілдермен төлем жасауға болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

City Transportation Systems (CTS) компаниясы Астана LRT жолаушылары жолақысын қалай төлей алатынын айтты. Автобустардағыдай мұнда да түрлі тәсілдермен төлем жасауға болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

LRT станцияларының бірінде өткен пресс-тур барысында журналистерге жолақы төлеу тәсілдері көрсетілді. Пойызға өту үшін арнайы автоматтан немесе станция кассасынан билет сатып алу қажет.

CTS мәліметінше, кез келген банктің картасымен немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы QR-код арқылы төлеуге болады.

Жарнама
Жарнама

Мұнда жетондар болмайды – олардың орнын арнайы коды бар кәдімгі қағаз билет басады.

"QR-код билет ретінде саналады, оны турникетке жақындату қажет", - деді CTS өкілдері.

Бұдан бөлек, көлік картасын сатып алып, оны толтырып, бірнеше рет пайдалануға болады. Естеріңізге сала кетейік, жолақысы 200 теңге болады.

Жолаушы билетпен (немесе картамен) турникеттен өткеннен кейін екінші қабатқа – LRT пойызы келетін платформаға көтерілуі тиіс. Жер астына түспейтінін есепке алмағанда, бәрі кәдімгі метро сияқты.

Естеріңізге сала кетейік, City Transportation Systems компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Астана LRT желісіндегі тұрақты жолаушылар тасымалы 16-17 мамырда басталатынын хабарлаған болатын.

Бұған дейін Астанадағы LRT желісін оң жағалауға дейін ұзартып, ескі вокзалға дейін жеткізетіні белгілі болған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама