Жетісайдағы автогаз құю станциясындағы жарылыс: сот үкімі шықты

otyrar.kz/видео кадры

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты автогаз құю станциясындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жанармай құю бекетінің басқарушы директоры мен жүргізушісіне үкім шығарды. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мәліметінше, екі айыпталушы да бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.

"Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған кінәсін дәлелдеді. Келтірілген моральдық және материалдық залал ішінара өтелді", - деп хабарлады ведомство.

Реклама
Реклама

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 21 наурызда автогаз құю станцияларының бірінде жеңіл автокөліктің АГҚС-пен соқтығысуынан кейін жарылыс болған еді. Резервуар зақымданып, газ сыртқа шығып, газ-ауа қоспасы тұтанып кеткен. Жалын көлікке тараған. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі күйік алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама