ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2019 | 12:10
Жетісайлық өгей ана үй қамауына алынды
Жетісай соты кәмелетке толмаған үш өгей қызын қорлаған әйелді үй қамауында ұстау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жетісай соты кәмелетке толмаған үш өгей қызын қорлаған әйелді үй қамауында ұстау туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
"Жетісай тергеу сотының судьясы Мұхтар Жолдасбеков балаларды қорлады деген күдікке ілінген әйелді екі ай мерзімге үй қамауында ұстау туралы шешім шығарды. Шешім шығару кезінде бірнеше фактор ескерілді: біріншіден оның екі жасқа томлаған баласының болуы және екінші баласына жүкті болуы, екіншіден оның тұрақты мекенжайының болуы", - деді сот кеңсесінің өкілдері.
Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған.
Осыған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген.
Показать комментарии
Читайте также