22 сәуір 2019 | 10:55

Жетісайлық өгей ананың бір жарым жасар сәбиі "Мамандандырылған бөбектер үйіне" орналастырылды

Биыл 11 сәуірден бастап емделіп жатқан апалы-сіңлілі үш жасөспірім емшараларын аяқтап, ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 11 сәуірден бастап емделіп жатқан апалы-сіңлілі үш жасөспірім емшараларын аяқтап, ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Жетісай ауданының Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен 2019 жылғы 20 сәуірде апалы-сіңлілі үш жасөспірім Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. 

Реклама
Реклама

Осы отбасындағы бір жарым жасар сәби Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының "Мамандандырылған бөбектер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды.

Істі болып жатқан, жасөспірімдердін әкелерімен бірге тұрған әйел сот шешімімен, жүктілігіне (30 апталық) байланысты үй қамауына алынды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Жасөспірімдер ұдайы психологтардың бақылауында. 

Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған. 

Осыған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная