23 сәуір 2019 | 10:28

Жетісайлық үш жасөсіпірім әкелеріне барғысы келетінін айтқан

© instagram.com/aigul_orynbek_/

Үй қамақта отырған жетісайлық өгей анаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Оның бір жарым жасар сәбиі "Мамандандырылған бөбектер үйіне" орналастырылды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үй қамақта отырған жетісайлық өгей анаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Оның бір жарым жасар сәбиі "Мамандандырылған бөбектер үйіне" орналастырылды, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Биыл 11 сәуірден бастап емделіп жатқан апалы-сіңлілі үш жасөспірім емшараларын аяқтап, ауруханадан шықты

Реклама
Реклама

Жетісай ауданының Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияның 2019 жылғы 18 сәуірдегі шешімімен 2019 жылғы 20 сәуірде апалы-сіңлілі үш жасөспірім Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне орналастырылды. Мекеме басшылығының айтуынша, мұнда олардың рухани тынығып және жүйкелерінің саулығы үшін білікті психологтар да жұмылдырылған. Жеткіншектер орталықта 3 айдай болады. Алдағы уақытта 3 қыз өздерінің кімнің қарауында қалатынын тиісті сот отырысында өздері шешеді.

"Қыздар әкесін көп сұрайды, енді жақсы көргеннен кейін шығар, көбінесе әкесін сұрап, әкесіне барғылары келетіндері туралы айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің жағдайлары жақсы, оқу-тәрбие процестерімен жұмыс жүргізілуде. Психологтың тереңдетілген жұмысы, диагностикалық-коррекциялық жұмыс та қолға алынды. Медициналық алғашқы тексеруден өткізілді. Денсаулықтары жақсы. Тамаққа деген тәбеттері де өте жақсы. Алғаш келгенде үйренісе алмай, ортаны жатырқап, қатты ашуланып жүргендерін жасырмаймын. Ал кешеден бастап тамақтарын жақсы тұтынып, орталыққа бейімделе бастады", - дейді "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" КММ директорының орынбасары Назгүл Құрманалиева.

Жұртшылықтың жағасын ұстатқан бұл жәйт туралы Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге бұрын айтылғаннан басқа мәлімет таратпай отыр. Тергеудің әлі қанша уақытқа созылатынын да ашып айтпайды. 

Істі болып жатқан, жасөспірімдердін әкелерімен бірге тұрған әйел сот шешімімен, жүктілігіне (30 апталық) байланысты үй қамауына алынды. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Жасөспірімдер ұдайы психологтардың бақылауында. 

Айта кетейік, 28 жастағы әйелге 2003, 2005 және 2007 жылғы қыздарды қорлады деген айып тағылған. 

Осыған дейін өгей ана қыздарды қанша рет және қалай жазалағаны туралы жазбаша есеп жүргізген. Қыздардың туысы болып келетін Эльвира Қойымбетованың айтуынша, олардың туған шешесі бес жыл бұрын тастап кеткен, содан кейін балалар анасын көрмеген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная