Жетісу облысында 1,6 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды

видео кадры

"Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

"Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Талдықорған қалалық соты "Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, "Қазпошта" АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, "Айдана" бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды.

"Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 миллиард теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 миллион теңге және 1 миллион теңге айыппұл салынды".

Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама