Жетісу облысында алаяқ тұрғындардың атынан 40 миллион теңгеге несие алып тастаған

Дина Шарипханова Корреспондент

Жетісу облысында 40 миллион теңгеден аса соммаға несиелер рәсімдеген алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысында 40 миллион теңгеден аса соммаға несиелер рәсімдеген алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, азаматтардың сенімін теріс пайдалану арқылы олардың атына несиелер мен микронесиелер рәсімдеп, жеке пайдасына жаратқан ер адамға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы аяқталған.

Сотталған адам жәбірленушілердің жеке деректеріне және электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізіп, оларды заңсыз несие рәсімдеуге пайдаланған.

Реклама
Реклама

"Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 14 азамат зардап шегіп, келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 40 миллион теңгеден асты.

Сот үкімі бойынша, ол кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама