Жетісу облысында аудан әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

Жетісу облысында аудан әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды Көрнекі сурет: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысында прокурорлары аудан әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысында прокурорлары аудан әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының прокуратурасы мәліметінше, Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 137-бабы).

"Прокурорлар 120 гектар жер жекелеген шаруа қожалықтарына конкурссыз берілгенін (ҚР Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзу) анықтаған. Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама