Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші рет жер сілкінді

Айнұр Қапышова Корреспондент
Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші рет жер сілкінді Скриншот Яндекс карта

Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші рет жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында бір тәулік ішінде екінші рет жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ТЖМ "ҰҒСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді. Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықтықта орналасқан.

Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі - 10 шақырым. Есептік қарқындылығы (баллмен):

Реклама
Реклама
  • Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл;
  • Текелі қаласы - 2 балл;
  • Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 2 балл.

"Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңырау тіркелмеді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 31 наурызда Астана уақытымен сағат 11:11-де болды. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 болды.

Еске салайық, 31 наурызға қараған түні осы ауданда магнитудасы 4,4 болған жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама