ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2023 | 09:00
Жетісу облысында досының қарындасын бірнеше рет зорламақ болған ер адам ұсталды
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясында досының қарындасын бірнеше рет зорламақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы видео Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Достық станциясында досының қарындасын бірнеше рет зорламақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы видео Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үш-төрт ай бойы ағамның досы 6-сыныпта оқитын кішкентай қызды зорламақ болды. Бұл туралы кеше ғана білдік.
Қыз ата-анасының Алматыға кететінін біліп, жағдай қайталанады деп қорқып, бұл туралы анасына айтуды жөн көрді. Қыздың анасы тиіс орындарға шағымданған. Жетісу облысының полиция департаментінен ресми жауап беріп, мәселеге нүкте қоюды сұраймыз. Ер адам үйленген, отбасы бар", - делінген видеоның сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Admin: Kertaev Aidos (@krisp.tdk)
Жетісу облысының прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-1-бөлігінде ("Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") көзделген соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Достық" станциясының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, айғақ беру үшін Алакөл аудандық полициясына жеткізілді. Қылмыстық істің тергелуі облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынды. ҚР Кодексінің 201-бабына сәйкес ҚР Қылмыстық іс жүргізу, дерек бойынша толық ақпарат бера алмаймыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также