Жетісу облысында екі ауыл қайтарылған активтерден 480 миллион теңге алады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға Арнаулы мемлекеттік қордан қаржы бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан Жетісу облысындағы сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға және құрылыс жобаларына 480 млн теңге бөлді.

"Жоба бойынша Алакөл ауданы Қоңыр ауылында ұзындығы 17 шақырым су желісін тарту және Қаратал ауданы Ұмтыл ауылында 4,8 шақырым су желісін жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде мыңнан аса ауыл тұрғыны ауызсумен қамтылады", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

2025 жылдың аяғына қарай өңірдегі ауызсумен қамтылған ауылдардың үлесін 99,9%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз - 329 ауыл мен шамамен 697 мың облыс тұрғыны.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама