Жетісу облысында есепшілер 34 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Фото:depositphotos.com

Жетісу облысының прокурорлары бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокурорлары бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Жетісу облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып, сондай-ақ бұл ұйымда мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз төлеу арқылы 34 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Екінші бір жағдайда Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген.

Реклама
Реклама

"Осы деректер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Соталды тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Ерекше ірі көлемдегі жымқыру") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама