Жетісу облысында есірткі зертханасын басқарған трансұлттық топ ұсталды

viewings icon 130
comments icon 0
видео кадры видео кадры

Жетісуда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау бойынша операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұсталған топ мефедрон психотроптық затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған.

"Анықталғандай, жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Реклама
Реклама

Ұстау кезінде олардан шамамен 6 келі мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда.

"Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді Қуандық Әлжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная