Жетісу облысында жол талғамайтын көлік жүк көлігімен соқтығысқан

Polisia.kz

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысында жол талғамайтын көлік пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 24 ақпанда Талдықорғаннан шыға берісте Алматы-Өскемен тасжолының 273 шақырымында болған. 69 жастағы УАЗ Patriot жүргізушісі "Жол беріңіз" белгісін елемей, JAC жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол талғамайтын көлікте бес адам болған, оның төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Реклама
Реклама

"Жол апатын тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Бұл дерек бойынша қажет сараптамалар тағайындалды", - деді ІІД басшысы Мирас Асқаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама