ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2022 | 13:23
Жетісу облысында Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары екі жылдан бері аяқталмай тұр
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары көпжылдық құрылыс нысанына айналды. Екі жыл өтсе де нысан әлі аяқталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары көпжылдық құрылыс нысанына айналды. Екі жыл өтсе де нысан әлі аяқталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ескелді ауданы әкімдігі Бақтыбай ауылындағы Мәдениет үйі КСРО кезінде ең үлкен нысан болып саналағанын айтты. Ғимараттың жалпы ауданы - 4246 шаршы метр.
2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Алайда мердігерлер салғырттығынан нысан әлі пайдалануға берілмей отыр.
Бақтыбай ауылының тұрғындары Мәдениет үйі 2021 жылы ашылады деп асыға күткен, бірақ мердігер мекеме нысанды пайдалануға беру уақытын кешіктірген. Бір жылдан аса уақыт өтсе де, Мәдениет сарайы 70 пайызға ғана дайын.
"Мәдениет үйінде балаларымызға шығармашылық және спорт үйірмелерінің жұмыс істейтінін айтты. Біз күтуден шаршадық. 2020 жылы басталды, бәрі бір жылда орындалады деп уәде берді, бірақ нәтиже болмады. Әкімдер де, орынбасарлар да келді, пайдасы болмады", - дейді жергілікті тұрғындар.
Ескелді ауданының әкімдігі мәселені растады. Олар мердігер ұйымды сотқа бергенін айтты.
"Келісімшарт бойынша нысанның аяқталу мерзімі - 2021 жылғы 15 тамыз. Мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталмауына байланысты 2021 жылғы 1 қыркүйегінде Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз берілді. Сот шешімі бойынша, мердігерге шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде жұмысты аяқтау міндеттелді. 2022 жылғы 7 наурызда тапсыру мерзім аяқталған. Қазір нысанды аяқтау мерзімінің кешіктірілгеніне 4 ай болды", - деді Tengrinews тілшісіне Ескелді ауданының әкімдік өкілдері.
Енді мердігер мекеме өкілдері жөндеуді 2022 жылдың аяғына дейін аяқтаймыз деп уәде беріп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также