Жетісу облысында мектеп оқушысы мінген көлік 4 жасар баланы қағып мерт қылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жетісу облысы Сарқан қаласында мектеп оқушысы мінген көлік 4 жасар баланы қағып мерт қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысы Сарқан қаласында мектеп оқушысы мінген көлік 4 жасар баланы қағып мерт қылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға кеше, 23 сәуірде кешке қаладағы көшелердің бірінде болды.

Реклама
Реклама

4 жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды.

Шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы мінген. Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция көлікті басқаруды кәмелетке толмағандарға беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.7282)

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама