29 желтоқсан 2022 | 14:09

Жетісу облысында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалды. Күдікті әскери қызметші жұмыстан босатылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қорғаныс министрлігі Жетісу облысында сегізінші сынып оқушысының жүкті болуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, күдікті әскери қызметші қызметінен босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігі Жетісу облысында сегізінші сынып оқушысының жүкті болуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, күдікті әскери қызметші қызметінен босатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді. Күдікті қарулы күштер қатарынан жұмыстан босатылғанын атап өтеміз", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Жетісу облысы Панфилов ауданында сегізінші сынып оқушысы жүкті болып қалған. Күдікті ұсталды.

Реклама
Реклама

Бұл туралы Facebook-те жергілікті журналист Сандуғаш Дүйсенова хабарлады.

"Панфилов ауданында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды! Күдікті жергілікті бөлімдегі әскери қызметші болуы мүмкін", - дейді журналист.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная