17 шілде 2022 | 10:25

Жетісу облысында шенеуніктер заңсыз алған үйлерін қайтарды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Талдықорғанда арнайы комиссияның тексеруінен кейін 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда арнайы комиссияның тексеруінен кейін 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалада бір кездері заңсыз берілген 1000-нан астам пәтер мен тұрғын үй тексерілмек. 

"Алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер қолданыстағы заңнама аясында, қаламыздың кезекте тұрған азаматтарына бөлінеді. Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша 14 пәтер қайтарылып, кезекте тұрғандарға үлестірілгенін хабарлаймыз. Олардың кейбіреулері көшіп кеткен, бірақ пәтерлер олардың атына тіркеліп, бос тұрған. Ал кейбіреулерінде туыстары тұрды", - деп хабарлады Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Реклама
Реклама

Өз кезегінде ол тәркіленген пәтерлер бұрынғы шенеуніктерге тиесілі екенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная