18 шілде 2023 | 10:06

Жетісу өңіріндегі әкімнің бұрынғы резиденциясында балалар лагері ашылды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жетісу облысындағы аудан әкімінің бұрынғы резиденциясында балалар лагері ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысындағы аудан әкімінің бұрынғы резиденциясында балалар лагері ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inalmaty.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайта жөндеуден өткен ғимаратта жаз бойы 200 бала демалысын өткізе алады.

"Аумақты жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, бассейн салынды. Орталық аумағында барлық қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген асхана бар. Ашық аулада балалар ойын алаңы салынды. Бейнебақылау камералары орнатылды. Ғимаратқа арбада отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіруі де қарастырылған", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Резиденцияны қайта жаңартуға 38,2 миллион теңге жұмсалған. Орталықта бір мезетте 40 бала демала алады. Әр баланың демалысының ұзақтығы 5 күн. Лагерьге қабылдау баланың тіркелген жеріне байланысты және I-III топтағы мүгедек баланы дәрігердің ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная