Жезқазған әкімі оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатыр

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов коронавирус тасымалдаушымен байланыста болған соң оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов коронавирус тасымалдаушымен байланыста болған соң оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі айтты.

"Бүгінде Қарағанды облысы әкімдігі қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында Жезқазған әкімі де бар. Ол жұмыс сапары барысында вирус тасымалдаушымен байланыста болған. Оның тест сараптамасы теріс нәтижесі көрсетті, дегенмен ол үйден жұмыс істеп жатыр", - деді баспасөз қызметінің басшысы Марина Шаповалова.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол барлық аудан мен қала әкімдерінің коронавирусқа сараптама тапсырып жатқанын айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында Теміртау әкімінің коронавирустан айыққаны хабарланған болатын. Ғалым Әшімовтің коронавирус жұқтырғаны туралы 2 маусымда хабарланған болатын. Ведомство өкілдері әкімде аурудың белгілері байқалмағанын және оның ауруханада емес, үйде оқшауланғанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама