ЖИ және TikTok дәуіріндегі Ұлы Дала: Қазақстан көршілерге миллиардтардың индустриясы туралы айтып берді

ЖИ және TikTok дәуіріндегі Ұлы Дала: Қазақстан көршілерге миллиардтардың индустриясы туралы айтып берді Үкіметтің баспасөз қызметінің фотосы

Ұлы Дала мұрасы бүгінде тек оқулықтар мен музейлерде емес, ол фильм, музыка, ойын индустриясы, цифрлық контент пен жаңа технологиялар негізіне айналып жатыр. Мәдениет қалайша экономиканың жеке саласына айналып жатқаны туралы премьер-министр Олжас Бектенов Санкт-Петербургте өткен конференцияда ТМД елдерінің үкімет басшыларына айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлы Дала мұрасы бүгінде тек оқулықтар мен музейлерде емес, ол фильм, музыка, ойын индустриясы, цифрлық контент пен жаңа технологиялар негізіне айналып жатыр. Мәдениет қалайша экономиканың жеке саласына айналып жатқаны туралы премьер-министр Олжас Бектенов Санкт-Петербургте өткен конференцияда ТМД елдерінің үкімет басшыларына айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тарихи мұраны сақтау туралы айта келе, үкімет басшысы Қазақстанның жаңа Конституциясының ережелеріне ерекше тоқталды.

"Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өткім келеді. Мамыр айында Астанада өткен "Алтын Орда" дала өркениетінің моделін зерттеуге арналған халықаралық симпозиум маңызды оқиға болды, оған әлемнің 20-дан аса елінің тарихшылары мен мәдениеттанушылары қатысты", - деді Олжас Бектенов.

Жарнама
Жарнама

Петербургте өткен кездесуде өткенді сақтау ғана емес, оны қазіргі заманғы экономиканың бөлшегіне айналдыру жолдары да талқыланды.

Бүгінде Қазақстанда креативті индустрия кино, музыка, дизайн, ойын индустриясы мен цифрлық контент сиқты 40-тан аса қызмет түрін қамтиды, салада 150 мың адам еңбек етеді. Креативті сектордағы жалпы қосылған құн көлемі соңғы жылдар ішінде төрттен біріне артып, 3 миллиард долларға жетті.

"Одан бөлек жаңа Конституцияда зияткерлік және шығармашылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Осы негізде Қазақстанда креативті индустрия қарқынды дамып келеді", - деді премьер.

Оның айтуынша, бұл сала қазірдің өзінде жаңа нарықтар қалыптастырып, ұлттық креативті өнімді экспорттау мүмкіндіктерін кеңейтіп жатыр.

"Жаңа нарықтар, жаңа жұмыс орындары қалыптасып, ұлттық креативті өнімді экспорттау мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр", - деп толықтырды Бектенов.

Үкімет мәліметінше, қазақстандық фильмдер, сериалдар, музыка және цифрлық өнімдер халықаралық платформаларға жиі шыға бастады. "Креативті нәтижелер" бағыты бойынша еліміз 2025 жылы 32 позицияға көтерілді.

Премьер контент жасау мен оны ілгерілету тәсілдерін өзгертіп жатқан жасанды интеллект мәселесіне де жеке тоқталды. Ол AI-технологиялар көмегімен бейне генерациялаумен айналысатын қазақстандық Higgsfield компаниясын мысалға келтірді. Үкіметте оны "цифрлық сыңармүйіз" деп атайды.

Сурет Үкіметтің баспасөз қызметінен

Сонымен қатар, мәдени мұраның өзі де цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Ол үшін тарихи нысандар LiDAR-сканерлеу және 3D-мұрағаттау арқылы сақталатын Цифрлық көшірмелер банкі іске қосылды.

Жоба Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы шатқалының петроглифтері, Маңғыстау облысының жерасты мешіттері және басқа да археологиялық ескерткіштерді қамтыды. E-Museum платформасына 300 мұражай қосылып, цифрлық каталогқа ондаған мың экспонат енгізілді. Кейінгі жылдары "Қазақ киносының алтын қорынан" 43 фильм цифрлық форматқа көшірілді.

Сурет Үкіметтің баспасөз қызметінен

Тағы бір маңызды тақырып Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД елдерінің Креативті индустриялар қауымдастығын құру туралы бастамасы болды.

"Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің креативті индустриялар қауымдастығын құру жөніндегі бастамасы ерекше маңызға ие", - деді Бектенов.

Жоспар бойынша жаңа алаң елдердің басын қосып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және креативті өнімдерді ілгерілетуге мүмкіндік береді.

"Бұл формат бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және креативті өнімдерді ілгерілету үшін жағдай жасауға бағытталған", - деді премьер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама