ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2021 | 15:53
Жидек жеген, су қоймаларынан су ішкен: ақмолалық тұрғын орманнан табылды
Полиция қызметкерлері демалыс күні хабар-ошарсыз кеткен Ақмола облысының үш тұрғынының мекен-жайын анықтады. Олардың бірінің есте сақтау қабілеті нашар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полиция қызметкерлері демалыс күні хабар-ошарсыз кеткен Ақмола облысының үш тұрғынының мекен-жайын анықтады. Олардың бірінің есте сақтау қабілеті нашар болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
Бурабай ауданының 54 жастағы тұрғынының жоғалғандығы туралы өтініш түскен. Кейіннен полицейлер оны Жасыл және Шиялы ауылдары арасындағы орман алқабынан тапты. Өтініш берушілер ер адам ішінара есте сақтау қабілетінен зардап шегетінін хабарлады.
Іздестіру шараларын өткізу кезінде жедел уәкілдер, адасқан ер адам барады-ау деген барлық елді мекендер мен орындарды анықтады. Нәтижесінде оның орманда орналасқан жерін тапты. Жоғалған ер адам жидектер жеп, табиғи су қоймаларынан су ішкені белгілі болды.
Полиция 14 жастағы Көкшетау тұрғынының қайда екенін анықтады. Ол ата-анасына хабар берместен туыстарына кетіп қалған. Өтініш түскеннен кейін полиция қызметкерлері жол бойында келе жатқан қызды тапты. Аталған факт бойынша ӘҚБтК-нің 442 -бабы 2-бөлігімен ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Сонымен қатар, Зеренді ауданының 34 жастағы тұрғыны мен оның 4 жасар қызының қайда екені анықталды, күйеуі 26 қыркүйекте полицияға жүгініп, оларды табуға көмек сұраған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также