Жиембай Берденовтен кешірім сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент
Жиембай Берденовтен кешірім сұрады

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесінде айыпталушы Ернар Жиембай шенеуніктен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот процесінде айыпталушы Ернар Жиембай шенеуніктен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиембай жәбірленуші Берденовке жүгінді.

"Мен дұрыс істедім деп айтпаймын. Мен кешірім сұраймын. Мен өлтіргім келген жоқ, ондай ниетім болған жоқ. Тезірек сауығып кетуді тілеймін. Өзім барып жеке кешірім сұраймын", – деді ол.

Жарнама
Жарнама

Өз кезегінде Руслан Берденов айыпталушының әділ жаза алуы маңызды екенін атап өтті.

"Жәбірленуші ретінде мен тек кінәлі адамның әділ жазаға тартылуын талап етемін. Өйткені егер бүгін мұндай бандитизмді тоқтатпасақ, бұл мемлекеттік қызметтің абыройына нұқсан келтіреді. Бұл оқ тек маған ғана емес, мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүрген әр адамға қарсы атылды", – деді Берденов судьяға қарата.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама