28 қазан 2022 | 17:29

Жигули Дайрабаев жастар туралы: Үкімет қолдауына зәру қылып қоятын саясатымыз дұрыс емес

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com

"Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев жастар саясатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Ауыл" партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев жастар саясатына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Facebook-парақшасында 27 қазанда Қызылорда облысының сайлаушыларымен кездескенін, олардың арасында түрлі сала мамандары, оның ішінде жастар да бар екенін айтып, олар "жастар" ұғымы үшін жас шектеуін ұлғайту мәселесін сұрағанын айтты.

"Жалпы, жиын ұйымдасқан түрде өтті. Жастардан біраз сұрақ көтерілді. Сол жастардың қойған сұрақтарына жауап ретінде, өзімнің мынадай бір ойымды ортаға салғым келеді: біз қазір Парламентте жастар саясаты туралы заң қабылданып жатқанын естіп жатырмыз", - деді Жигули Дайрабаев.

Реклама
Реклама

Бүгінде Қазақстанда 29 жасқа дейінгілер жастар болып саналса, енді бұл жасты 35 жасқа дейін көтергелі жатыр, деп еске салды президенттікке кандидат.

"Бұл күлкілі жағдай. Мәселен, 15-інде бала болса, 45-інде де бала болады деген әңгіме бар. Сондықтан, енжарлыққа, масылдыққа, Үкіметтің қолдауына зәру қылып қоятын саясатымыз дұрыс емес. Меніңше, бұл мәселені қайта қарау керек. 29 жасына дейін ол өмірден орнын таппаса, оған дейін білім де алмаса, істейтін кәсібін игермесе, бұл қалай болады сонда? Сондықтан, бұл мәселеге қайтадан зерделеп, түгендеп дұрыстап қарау керек", - дейді ол.

Еске салайық, 30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная