ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2020 | 09:20
Жоғалған балықшының денесі Ақмола облысынан табылды
7 қарашада сағат 16.30-да Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Астрахан ауданының Баршын көлінен осы жылғы 23 қазанда жоғалып кеткен ер адамның денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

2020 жылғы 23 қазанда Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Баршын көліне төрт адам балық аулау үшін барған болатын. Сол күні кешке үшеуі металл моторлы қайықпен көлде жүзген. Ал біреуі жағалауда қалған. 2020 жылғы 28 қазанда іздеу тобы екі балықшының денесін тапты. Ал үшінші балықшыны іздеу жұмыстары 14 күнге созылды.
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Баршын көліндегі іздестіру жұмыстарына үш жүзу құралында құрамына 15 адам кіретін үш сүңгуір тобы, аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің қызметкерлері, балықшының туыстары мен жанашыр тұрғындар қатысты. Көлдің ауданы 40-тан астам шаршы шақырым болғандықтан және оның көп бөлігін қамыс басып кеткендіктен іздестіру жұмыстарында қиындықтар туындады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также