17 қыркүйек 2019 | 09:43

Жоғалып кеткен бармен жігіттің телефон тұтқасын бейтаныс адам көтерген

Tengrinews.kz коллажы

Астанада 6 қыркүйекте жұмыстан шығып, хабар-ошарсыз кеткен Әнуар Байзуровқа іздеу салынғанына осымен оныншы күн. Қазіргі таңда бір ғана дерек бар - оның ұялы телефоны табылған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада 6 қыркүйекте жұмыстан шығып, хабар-ошарсыз кеткен Әнуар Байзуровқа іздеу салынғанына осымен оныншы күн. Қазіргі таңда бір ғана дерек бар - оның ұялы телефоны табылған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Әнуардың туыстарының айтуынша, олар оның қайда жұмыс істегенін де білмеген. Ол астанаға қосымша табыс табу үшін биыл ақпанда Атбасар ауданынан келген. Туыстарының үйінде тұрған. Соңғы рет әпкесімен 6 қыркүйекте WhatsАpp арқылы сөйлескен, артынша таңғы кезектен үйге келмеген. 

Реклама
Реклама

"Ол үйге келмеген күні, біз оған хабарласа бастадық. Бірақ телефонын көтермегеннен кейін таңғы кезекке қалған шығар деп ойладық. Содан кейін осы жағдай болды. Жексенбіде мазасыздана бастадық, себебі ол осымен екінші күн жоқ болып кетті. Сосын шағым түсірдік", - дейді туысы Сұлушаш Ибраева.

Алайда 8 қыркүйекте жоғалып кеткен барменнің мессенджердегі аккаунты онлайн болғандықтан туыстары хабарласқан. Тұтқаны ер адам алып, ол телефонды сатып алғанын айтқан. 

Полиция өкілдері іс материалдарын жариялауға болмайтынын айтқан. Тергеу тиісті бөлім басшылығының бақылауында.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная