ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2024 | 16:12
Жоғарғы сот 11 жылға сотталған қазақстандыққа қатысты үкімнің күшін жойды
Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі көлемде заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін кінәлі деп танылған қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі көлемде заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін кінәлі деп танылған қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қазақстандыққа қатысты қылмыстық істі қарады. Сот үкімі бойынша, ол психотроптық заттарды өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз алу және сақтау бойынша кінәлі деп танылған (ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы).
Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Істі зерттей келе, алқа келесідей шешімге келді. Ер адамның кінәсін дәлелдеу туралы қорытындыларға куәгерлер З. мен С.-ның айғақтары, жеке тінту және сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде куәгер ретінде қатысқандар, оның кінәсін мойындау туралы қорытындылар, сот-медициналық сараптамалар негізге алынған.
"Іс материалдарынан куәгер З.-ның бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істегені, қылмыс жасағаны үшін сотталғаннан кейін пробациялық бақылауда болғаны анық. Ал тергеу әрекеттеріне қатысқан полиция қызметкерлер З.-ның бұрынғы әріптестері болып табылады", - делінген хабарламада.
Күдіктінің қолынан ұстап тұрғанын айтқан екінші куәгердің берген жауабы бағаланбай, кейін оны тінтуге кіріскен. Басқа да заңбұзушылықтар анықталды.
Сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, істі жаңадан қарауға жіберді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также