ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2024 | 11:13
Жоғарғы сот Бишімбаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасады
ҚР Жоғарғы соты экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Жоғарғы соты экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғарғы Соттың байланыс бөлімі басшысы Перизат Сәдуақастың айтуынша, Астанада Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасына кандидаттарды іріктейтін жабық отырыс басталған. Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылады.
"Өздеріңізге мәлім, Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот талқылауына қоғамның қызығушылығының артқанын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарынан ашық онлайн-трансляция ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Осылайша, онлайн-трансляция арқылы кез келген адам, соның ішінде БАҚ өкілдері бұл сот процесінің барысын бақылай алады.
Бұл шешім сот талқылауының ашық әрі жариялы болғанын және жалғасатынын білдіреді. Естеріңізге сала кетейін, істің алдын ала тыңдауы да ашықтық қағидаты сақтала отырып өтті. Процеске қатысушылардың және қатысуға ниет білдірушілердің көптігін ескере отырып, отырыстан онлайн-трансляция жүргізілетін қосымша екі зал ұйымдастырылды", - деп жазды Жоғарғы Сот өкілі Facebook-парақшасында.
Сондай-ақ, Tengrinews.kz Instagram-парақшасында сот отырыстарын онлайн трансляциялау жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также