15 наурыз 2023 11:17

Жоғарғы сот өкілі қысым көрсетіле ме деген сұраққа жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов қысым көрсетілді ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов қысым көрсетілді ме деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысында депутат Андрей Лукин бүгінде құқық қорғау органдарының судьяларға ықпал етудің өзіндік құралдары бар екенін айтты.

Осы орайда журналистер Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан судьяларға қандай қысым жасалатыны туралы сұрады.

Реклама
Реклама

"Жоғарғы сотта емес, Жоғарғы сот кеңесінде бар. Білмеймін. Мен азаматтық істер жөніндегі алқаның төрағасы болғандықтан қылмыстық істердің ерекшеліктерін, онда не болып жатқанын білмеймін", - деді Нұрсерік Шәріпов.

"Өзіңіз жеке қандай да бір қысымға тап болдыңыз ба?" деген сұраққа Жоғарғы Сот өкілі: "Маған қысым көрсетілген жоқ" деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram