Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Досжан Амиров, Герман Нурбаев. Фото:sud.gov.kz

Бүгін Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьялары Герман Нұрбаев пен Досжан Әміровті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенат депутаттары Жоғарғы сот судьялары Герман Нұрбаев пен Досжан Әміровті қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьялары Герман Нұрбаев пен Досжан Әміровті қызметінен босату туралы ұсынысын қарауға енгізді.

"Сенаттың қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясы Досжан Әміровтің отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Судья зейнет жасына жетті, бірнеше облыстық соттардың төрағасы болған. Досжан Сарманқұлұлы – судьялар қауымында құрметке ие, Қазақстан судьялар кеңесінің төрағасы. Ал Жоғарғы Соттың тағы бір судьясы Герман Каримұлы Нұрбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық соты пленумының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының төрағасы болып сайланды", - деді Малахов.

Реклама
Реклама

Сенат депутаттары судьяларды қызметінен босатуды бірауыздан қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама