01 шілде 2021 20:05

Жоғары кеңес "қиялилардың клубына" айналмауы қажет - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Жиында ұлттық жобалардың әзірленуі негізгі мәселе ретінде қарастырылғаны хабарланды. 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттік пен Үкімет бірлесіп әзірлеген он ұлттық жобаны таныстырды. Бұл жобалар Жалпыұлттық басымдықтар мен 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

Реклама
Реклама

Агенттік төрағасының баяндамасын және Кеңес мүшелерінің пікірін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұсыныс айтты. Ол Үкіметті нақты, шынайы, халыққа түсінікті және олардың тұрмысын жақсартуға бағытталған міндеттерді шешуге шақырды.

"Негізінде, ұлттық жобалардың әзірленуіне қатысты жұмыстарыңыздың мақсат-міндеттеріне бірыңғай түсінік керек. Шын мәнінде, мақсат бөрікті аспанға ататындай және артық теорияландыратындай емес, прагматикалық тұрғыда болуы тиіс. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес "қиялилардың клубына" айналмауы қажет. Кабинетіміздің сыртындағы өмір күрделі бағытта дамуда. Қазір біз ең қажетті деген азық-түлік бағасының шарықтауына, жалпы инфляцияның өсуіне қатысты шешім қабылдауға мәжбүрміз. Бұдан бөлек халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты қыруар мәселе бар. Мысалы, қуаңшылық мал шаруашылығына кері әсер етіп отыр. Біз қалыптасқан жағдайға шынайы қарайық. Бұл жерде алдымызда тұрған міндетті терең түсініп, үйлесімді жұмыс істеу керек", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram