03 маусым 2022 | 13:20

Жоғары Сот кеңесі Тілектес Бәрпібаевтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Тілектес Барпибаев. Фото: gov.kz

Жоғарғы Сот кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы лауазымына кандидаттарды қарауға қатысты ұсыныстар әлі түспегенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы Сот кеңесі Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы лауазымына кандидаттарды қарауға қатысты ұсыныстар әлі түспегенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінге дейін Жоғарғы Сот кеңесіне Жоғарғы Сот төрағасынан Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы лауазымына кандидаттарды қарау туралы ұсыныс түскен жоқ", - деп жауап берді Жоғарғы Сот кеңесі өкілдері.

Ведомство мәліметінше, Тілектес Бәрпібаев Президенттің 2 маусымдағы жарлығына сәйкес отставкаға кетуіне байланысты елорда сотының төрағасы қызметінен босатылған.

Реклама
Реклама

"Отставка - бұл заңнамада қарастырылған сот өкілетін тоқтатудың негіздерінің бірі. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 35-бабына сәйкес мінсіз беделі, кемінде жиырма жыл судьялық жұмыс өтілі бар судьяның судья атағын, судьялар қоғамдастығына жататынын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және өзге де материалдық және мүліктік кепілдігін сақтай отырып, лауазымынан құрметпен кету нысанында судья өкілетінің тоқтатылуы отставка саналады. Судьяны орнынан түсуі түріндегі қызметінен босату судьяның отставкаға кету туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Судьяның отставкаға кету құқығын растау мәселесі Жоғарғы Сот жанындағы сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссияда қаралып жатыр", - деп толықтырды Жоғарғы Сот кеңесі өкілдері.

"Қазақстан Республикасының Жоғары Сот кеңесі туралы" Заңның 3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жоғары Сот кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды.

Айта кетейік, таяуда Тілектес Бәрпібаев қызметінен босатылғаны хабарланды. Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі өкілдері бұл мәліметті Baigenews.kz редакциясына растаған.

Еске салайық, Германияда қазақстандық дипломаттың әкесіне коронавирус белгілері диагнозы қойылған болатын. Елордалық сот төрағасы Тілектес Бәрпібаев демалыста болған. Қазір ол емделіп жатыр.

Нұр-Сұлтан сотының төрағасына қатысты жекеменшік ұшаққа байланысты тексеріс жүреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная