22 маусым 2021 | 11:19

Жол апатынан аман қалған мектеп директорлары санавиациямен Ақтөбеге жеткізіледі

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Жол апатынан аман қалған мектеп директорлары санавиациямен Ақтөбеге жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы Aibat News жобасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жол апатынан аман қалған мектеп директорлары санавиациямен Ақтөбеге жеткізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы Aibat News жобасына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, № 25 мектеп пен Жаңа орта мектеп басшылары қазір Ойыл аудандық ауруханасында жатыр. Бүгін оларға санавиация ұшағы шықты. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр.

"Біз алдымен шок жағдайынан шығаруымыз керек, науқас тасымалдауға жарамды болса оны қалаға жеткіземіз", - деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Реклама
Реклама

Еске салайық, №20 мектеп директоры Бағдат Орынбаева мен № 33 мектеп директоры Альмира Орақова Ақтөбе-Ойыл тасжолында 19 маусымда болған жол апатынан қаза тапқан. Тағы екі мектеп директоры - №25 мектептің директоры Шолпан Баяділова және Жаңа орта мектептің директоры Ақгүл Қисықова Ойылдағы аудандық ауруханаға жеткізілген.  

Педагог әріптестерінің айтуынша, директорлар демалыс күндері Ойыл ауданындағы киелі орындарға барған, қайтар жолда апат болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная