09 маусым 2023 | 10:19

"Жол ережесін бұзғандарды тіркейді": Қазақстандықтарды "полицей" трактор таңғалдырды

Қазақстандықтарды жол қозғалысы ережесін бұзған көліктерді тіркейтін "полицей" трактор таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Күдікті" трактор Қордай асуы маңындағы тасжолда байқалған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарды жол қозғалысы ережесін бұзған көліктерді тіркейтін "полицей" трактор таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Күдікті" трактор Қордай асуы маңындағы тасжолда байқалған.

"Алматы-Тараз тасжолында Қордай ауылы маңында жүретін трактордың төбесінде ереже бұзушылықты түсіретін қондырғы орнатылған. Оны басып озып кетсең, полиция көлігі келіп, сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүретін жолда жылдамдықты арттырғаның үшін тоқтатады.

Олар полиция көлігі болмаса да, түсірілген видеоны көрсетіп жатыр", - деп жазды Диас есімді қолданушы WhatsApp-нөмірге.

Реклама
Реклама

Ер адам трактор әдейі сағатына 50 шақырымнан аз жылдамдықпен жүріп, сол арқылы басқа көлік жүргізушілерін тәртіп бұзуға итермелейтінін айтады.

"Оның артында көліктер жиналып қалады. Ол шетке шығып, басып озуға мүмкіндік береді. Ең бірінші көлік те 50 шақырым жылдамдықпен жүреді. Бұл көліктен де озып кетсеңіз, видеоға түсіріп алып, полиция қызметкерлеріне жолдайды. Бір қарағанда полиция көлігі түсірген секілді көрінеді. Менің ойымша, мұны тексеру оңай, өйткені түсіретін қондырғы трактордың жоғарғы бұрышында орналасқан", - дейді оқырман.

Жол ережесін бұзғандарды суретке түсіріп алу әдейі тракторға орнатылғанына оқырман сенімді.

"Тұтас сызықты кесіп өткенде, полиция бірден көлігіңді айыппұл тұрағына қоямыз деп қорқытады. Нақты білмеймін, бірақ, менің ойымша, көлік жүргізу құқыңнан айырады. Жылдамдықты арттырғанда айыппұл салады, бұл түсінікті. Полиция көлігіне отырғаныңда, хаттамасы да дайын тұрады, қол қоямыз деп қорқытады", - деді Диас.

Бұл ақпаратқа батальон командирі, Жамбыл облысының полиция подполковнигі Руслан Ерген пікір білдірді.

"Қордай асуында апат жиі болатын учаске бар, онда жол белгісі тұтас - үзіксіз. Апаттың алдын алу үшін ол жерде жылдамдықты шектедік: кей жерлерде сағатына 50 шақырымға дейін, кей жерлерде сағатына 40 шақырымға дейін. Жүргізушілер ойлайды: "Ешкім жоқ, жол ережесін бұзуға болады" деп. Бізде қашықтан есептейтін арнайы жылдамдық өлшегіштер бар", - деді батальон командирі.

Оның айтуынша, бұл құрылғылар патрульдік көліктерге орнатылады, бірақ тракторларға емес.

"Біз бірде-бір тракторға камера орнатқан жоқпыз, бізде ондай жоқ. Ол жерде тракторлар көп жүреді, білсеңіз, Қордай ауданында ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Ал онда тракторлар мен ауылшаруашылық техникалары жүргеніне біз кінәлі емес шығармыз. Олар барлығы жалпыға ортақ жолдарды пайдаланады. Видеоға қарағанда, бұл трактор МТЗ-82-нің жаңа модификациясы. Ол желдеткіш түріндегі қосымша керек-жарақтармен жабдықталады. Оның үстіңгі жағында салқындату жүйесі бар. Жүргізушілер ыстықта есіктері ашық жүрмеуі үшін, қазір көпшілігі желдеткіш түріндегі құрылғыларды орната бастады. Бұл камераға ұқсамайды", - дейді командир.

Оның айтуынша, қазір 40 патрульдік көлік жылдамдық өлшегіштермен жабдықталған. Сондай-ақ, ол тұтас сызықты кесіп өткені үшін 5 АЕК, жылдамдықты асырғаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылғанын еске салды.

Кейін Жамбыл облысының Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Трактор "TRIMBLE" автоматты басқару жүйесімен жабдықталған.

Ол электрон қозғалтқыштың көмегімен дөңгелек айналымын басқарып, GPS деректерін пайдаланады.

"Жүйе бірқалыпты қозғалыста ұстайды. Сол арқылы механизаторға салмақ түсуін азайтады. Осынау техникалар жұмыс сапасы мен егін шығымдылығын арттыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.

Полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін заңмен жауапкершілік белгіленгенін еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная