29 қаңтар 2018 12:53

Жол қысқартамын деп опат бола жаздады: Құтқарушылар қар құрсауынан екі адамды аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Drom.ru © Drom.ru

Қостанай облысында далада адасып кеткен жүргізушілер қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы" өкілдеріне сілтеме жасап.


Қостанай облысында далада адасып кеткен жүргізушілер қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы" өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға 26 қаңтарда 19:00 шамасында болған. Жүргізушінің айтуынша, олар қай жерде екенін білмей, адасып кеткен. 

"Ер адамдар ГАЗ 3110 автокөлігімен Суриковка ауылынан шығып Ресей Федерациясының шекарасына дейін бару үшін Воскресеновка ауылы арқылы жолды қысқартпақшы болған. Ұялы телефонда орнатылған навигатор бағытымен жүре отырып, адасып кеткен. Жағалай жазық дала, олар жолды тауып шығуға тырысқан, бірақ жолды біраз уақыт іздегеннен кейін автокөлік қалың қарға батып, жігіттер адасқанын түсінген", - делінген хабарламада. 

Құтқарушылар адасқан автокөлікті бірден таба алмапты, оларға автокөліктің ізі және қалың қардан өткенде сынып түскен автокөлік бамперінің бөліктері көмектескен.

Құтқарушылар келгенде отыз градустық аязда адасқан адамдарда жылы киімдерінің, бензин қорының аздығы, тіпті күректің жоқ екендігі анықталыпты. Құтқарушылар жүкарбаның көмегімен автокөлікті қалың қардан таза жолға сүйреп шығарып, Озерный ауылына дейін жеткізіп салған.

"Құтқарушылар жолға шыққан жүргізушілерге өз автокөлігіне жүз пайыз сенімді болмауды және алыс жолға шыққанда өміріңді сақтап қалуға көмектесетін қарапайым заттарды, күрек және жылы киім сияқты заттарды алып жүруді ескертеді. Оқиға болған ауданда ұялы байланыс болмаған жағдайда соңы қайғылы болар еді", - дейді құтқарушылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети