Жолаушы 3 миллион теңге салған сөмкесін автобуста ұмытып кетті

Фото © instagram/policesemey

Семейде жергілікті тұрғын № 35 автобуста үш миллион теңге салған рюкзагын қалдырып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Semeyainasy басылымына сілтеме жасап.

Семейде жергілікті тұрғын № 35 автобуста үш миллион теңге салған рюкзагын қалдырып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Semeyainasy басылымына сілтеме жасап.

38 жастағы әйел 102 нөміріне сөмкесінің жоғалғаны туралы айтып хабарласқан. 

"Ол Водный ауылының маңындағы аялдамадан түскенін, автобус қалаға қарай жүріп кеткенін айтып хабарласты. Автобусты тоқтатуды сұрады. Бұл қоңыраудан кейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция патрулі толық жұмылдырылды", - деді полиция басқармасы баспасөз қызметінің мамандары.

Реклама
Реклама

Жедел кезекші сыртқы бақылау камераларының көмегімен автобустың қайда екенін анықтап, оған жақын жердегі патрульді бағыттады. "ЦУМ" алдамасында автобус тоқтатылды.

Полицейлер автобустан ақша салынған сөмкені тауып, иесіне қайтарды. Автобус қала шетінен орталығына дейін жүріп келгенмен, сөмкедегі ақша да, заттар да жоғалмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама