08 маусым 2022 | 14:59

Жолаушылар шығып үлгерді: Шымкентте автобус өртеніп кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: otyrar.kz

Шымкент-Арыс тасжолында жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды OTYRAR.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент-Арыс тасжолында жолаушылар мінген шағын автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды OTYRAR.

Оқиға 6 маусымда Шымкент-Арыс тасжолы бойында, Абай ауданы Алтын төбе тұрғын үй алабында болған. Шымкент-Қожатоғай бағытында келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусынан өрт шыққан. Жолаушылар өртенген автобустан секіріп түсуге мәжбүр болған. Өрттің шығу себебі белгісіз.

Өрт салдарынан автобустың 1974 жылғы жүргізуші зардап шеккен. Оның денесінің 25 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ, бір жолаушы жарақат алған. Екеуі де Шымкенттегі гипербарикалық оксигенация орталығына жатқызылған. Зардап шеккендердің жағдайы орташа.

Реклама
Реклама

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная