16 тамыз 2023 | 17:55

"Жөндеу жұмыстарын істеуге міндеттіміз бе?"Алматы облысында мектеп жұмысшылары видео-үндеу жазды

видео кадры

Желіде Алматы облысындағы мектептердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған мектеп жұмысшыларының шағымы жазылған бейне үндеу қызу талқыға түсті. Аймақтың білім басқармасы олардың талаптарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Алматы облысындағы мектептердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болған мектеп жұмысшыларының шағымы жазылған бейне үндеу қызу талқыға түсті. Аймақтың білім басқармасы олардың талаптарына жауап берді, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі.

Оқу орнын тазалаушылардың бірі мектепті тазалаудан бөлек, жөндеу жұмыстарын жүргізуге де мәжбүрлеп жатқанын айтып видео үндеу жазды. Жағдай Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қайназар ауылында болған. Әйел бұл мәселені шешу үшін көмек сұрап БАҚ-қа жүгінді.

"Заң бойынша біз бұл іспен айналысуымыз керек пе? Бұл үшін жалақымызға ақша қосылмайды. Біз мұндай келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Біз тазалықты қадағалауымыз керек пе, әлде жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз керек пе?"- деді әйел видеода.

Реклама
Реклама

Пост астында ашуланған қолданушылар пікірі көп. Өкінішке қарай, бұл тек осы ауылда болып жатқан жайт емес деп жазған кейбір желі пайдаланушылар.

"Көптеген мектепте де солай. Олар тіпті мұғалімдерді де ағартуға, тазартуға мәжбүрлейді", " Бұл жағдайда техникалық қызметкерлердің жалақысын кем дегенде 200 мыңға дейін көтеру керек", "Шынында да, бұл тек осы ауылда ғана емес", - деп жазған әлеуметтік желі қолданушылары пост астында.

Біздің редакция Алматы облысының білім басқармасына пікір алу үшін жүгінді.

"Жамбыл ауданы Қайназар ауылының №1 мектебінде жүргізіліп жатқан жөндеу туралы ақпаратқа қатысты техникалық қызметкерлер оқу жылы басталар алдында тазалау, соның ішінде әктеу және жуу жұмыстары жасалды, бұл функционалдық міндеттеріне сәйкес екенін хабарлаймыз. Мектеп басшылығы тарапынан еңбек жағдайына байланысты заңбұзушылықтар жоқ. Жалақы ҚР 31.12.2015 №1196 Заңына сәйкес төленеді. Бұл мектепті тазалау екі аптаға созылады", - деп жауап берді ведомство.

Айта кетейік, 2023 жылғы шілденің аяғында Батыс Қазақстан облысында 500 бала оқу жылын өз мектебінің қабырғасынан тыс жерде бастайды деп хабарланған еді. Олар ауыл әкімдігінің ғимаратында, мәдениет үйінде оқиды, ал басқалары оқуды ескі гимназия ғимаратында жалғастырады. Бейінді ведомство мәліметінше, мердігерлердің қателігінен жөндеу жұмыстарының аяқталуы созылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная