28 наурыз 2022 09:01

Жөндеуге жабылған Ақтөбе әуежайы ашылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай 28 наурыздан бастап ашылады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі осындай шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Instagram-дағы әуе айлағының ресми парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билеттерді айырбастау, қайтару, ұшу уақытын ауыстыру мәселелері бойынша билет сатып алған жерге хабарласу керегі айтылды.

Сондай-ақ, Ақтөбе әуежайында биыл жаңа бағыттар ашылатыны, одан ары дамитыны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, әуежайдың ұшу-қону жолағы жөндеуді қажет еткен еді. Оны тексеру барысында Ақтөбе облысы әкімдігінің, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайының, сондай-ақ, Air Astana, SCAT және Qazaq Air авиакомпанияларының өкілдері әуеайлақ плиталарының бүлінгенін, сынғанын анықтады.

Жөндеу жұмыстары 17-27 наурыз аралығында жүргізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram