ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қазан 2020 | 17:53
ЖОО Қауымдастығының президенті университеттердегі жемқорлық мәселесі туралы айтты
Қазақстан университеттері қауымдастығының президенті Рахман Алшанов жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан университеттері қауымдастығының президенті Рахман Алшанов жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Соңғы жылдары, өкінішке қарай: "ол жерде жемқорлық жайлаған" деп айту сәнге айналып кеткен. Нақты дерек келтіріңіздер. Ол оқудан шығып кеткен медициналық университеттің көшеде кетіп бара жатып, ол жерде жемқорлық жайлаған деп айта салған студенті. Ректор инфаркт ала жаздады. Ол (ректор) үнемі сараптама жүргізілетінін айтады, сыбайлас жемқорлық 2-3 пайыз ғана бар болуы мүмкін. Біз оларды анықтап, оқудан шығарамыз, ол оңай жұмыс емес, біреуді ұстау керек қой. Ол шынымен ауыр айып", - дейді Рахманов ОКҚ онлай-брифингінде.
Оның айтуынша, кейбір студенттер мұғалімдерді жемқор деп айыптап, оларға жала жабады.
"Кейде студент ашу үстінде мұғалім пара алады деп айта салады. Жақсы мұғалімдерден кек алады. Бұл жағдайда дұрыс сұрақ қойып, нақты сауалнама жүргізу керек. Жоғары оқу орындарының басшылары жемқорлыққа қарсы. Жемқорлықты кім қолдайды? Ол ешкімге керек емес. Бірақ айып нақты болуы керек. Жай айта салу - жалпы жоғары оқу орнының абыройына нұқсан келтіреді. Мыңдаған адам жұмыс істеп, бір немесе екі адам ұсталса, ол жалпы жоғары оқу орнына әсер етеді. Нақты дерек келтірілмей, жай әңгіме айтылған кезде мәселе шешілмейді", - деді Рахменов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также