ЖСДП: Мемлекетімізді жемқорлардан түбегейлі тазартатын уақыт келді

ЖСДП: Мемлекетімізді жемқорлардан түбегейлі тазартатын уақыт келді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) жемқорлықпен күреске бағытталған заң жобаларын заң жүзінде күшейтуді ұсынады.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) жемқорлықпен күреске бағытталған заң жобаларын заң жүзінде күшейтуді ұсынады.

"Жемқорлық – мемлекеттің басты жауы. Біздің елде шығынды әрі тиімсіз жобаларды жүзеге асыру сәнге айналған. Астана LRT – соның бір жарқын мысалы. 270 миллионды қайда жұмсағандарын түсінбей, кейін дым болмағандай жобаны залалды деп тану қаншалықты ақылға қонымды?! Жобаны аяқтау үшін одан да көп қаражат қажет! Жемқорлыққа қарсы заңнамамыздың әлсіз екендігі осыдан-ақ көрініп тұр. Мемлекетімізді жемқорлардан түбегейлі тазартатын уақыт келді", - деп атап өтті ЖСДП партиялық тізімі бойынша ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаты Нұрлан Әуесбаев.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың пікірінше, жаңа заңнама жемқорлыққа қарсы баптарды көбейтіп, жаза түрлерін күшейтуі тиіс.

Реклама
Реклама

ЖСДП белсенділерінің пікірінше, халықтық парламенттік бақылау ғана жемқорлық үшін басты тосқауыл бола алады.

"Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік саясаты қазақстандықтарды айтарлықтай деградацияға ұшыратқанын мойындауға мәжбүрміз. Балалар сапалы білім, ересектер лайықты медициналық қызметті алып жатқан жоқ. Жемқорлар және білім мен біліктен жұрдай менеджерлер балаларымыздың болашағын, аға-буынның уақытын ұрлады. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы қысқарып барады, басқа елдер емін тауып жеңген ауру-індеттер біздің ер-әйелдерімізді қырып жатыр", - делінген партия бағдарламасында.

Тапсырыс беруші: ЖСДП төрағасы Рақымжанов А.Н.

Tengrinews
"Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сайлауалды қорының қаражат есебінен төленді"
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама