20 сәуір 2020 14:24

Жітіқарада шамамен жүз дәрігер үйдегі карантинге жіберілді

Сурет: elements.envato.com

Жітіқарадағы карантиндік стационарлардан үйдегі карантинге 94 Орталық аудандық аурухана (ОАА) қызметкері ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жітіқарадағы карантиндік стационарлардан үйдегі карантинге 94 Орталық аудандық аурухана (ОАА) қызметкері ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жітіқара ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде коронавируспен 9 пациент бар, оның ішінде СОVID-19 диагнозы төртеуінде расталған, қалған бесеуі жұмыста жұқтырған. Провизорлық орталықта қазір 24 адам бақылауда жатыр.

Реклама
Реклама

"19 сәуірде карантиндік стационарлардан үйдегі карантинге ОАА-ның 94 қызметкері ауысты. Үйде барлыңы 265 қызметкер карантинде жатыр", - деп хабарлайды облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.

20 сәуіде Жітіқара қаласында 15 жағдай тіркелді, олардың біреуі өліммен аяқталды. ПТР әдісімен (полимеразды тізбекті реакция) 551 адам тексерілді.

Қазіргі уақытта COVID-19 Жітіқараның екі полицейінен анықталды. Олардың екеуі де коронавирус диагнозы расталған науқастарға арналған Қостанай облыстық ауруханада жатыр. Тағы 11 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Жітіқара АІІБ-нің барлық жеке құрамы үйдегі карантинде. Қалаға эпидемияға қарсы іс-шараларға 36 миллион теңге бөлінді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram