“Жүкті“ әйел мас күйде рөлге отырып, жол апатына ұшыраған

“Жүкті“ әйел мас күйде рөлге отырып, жол апатына ұшыраған Фото:depositphotos.com

Павлодар облысында сот мас күйде жол апатына түскен әйелге қатысты жазаны қатаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

Павлодар облысында сот мас күйде жол апатына түскен әйелге қатысты жазаны қатаңдатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.

Ақсу қалалық прокуратурасы мәліметінше, жүргізуші куәлігі жоқ әйел көлікті мас күйде басқарып, жол-көлік оқиғасына түскен.

Іс сотта қаралған кезде жүктілігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде жаза жеңілдетілді - әкімшілік қамау айыппұлмен алмастырылған.

Жарнама
Жарнама

Алайда прокуратура тексерісі медициналық құжаттың жалған екенін анықтады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 416-бабы (Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты да жеке тергеу жүріп жатыр.

Прокуратура істі қайта саралап, жазаны өзгертуді - айыппұлды әкімшілік қамауға ауыстыруды талап етіп, апелляциялық өтініш берді.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысы бойынша, әйел 20 тәулікке қамауға алынды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама